www.NazarNews.kg NazarNews - дүйнө назарында! www.NazarNews.kg NazarNews - в центре мирового внимания! www.NazarNews.kg NazarNews - dünya gözünüzde! www.NazarNews.kg Биздин байланыш: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg Email: nazarnews.kg@gmail.com www.NazarNews.kg WhatsApp кабар: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg
Чек ара маселесин Сапар Исаков чечти деген сөздөрдү Казакстандын бийлиги жокко чыгарды

Гүлжан Шерипбаева 12-октябрь 2017, 18:05

Саясат


Чек ара маселесин Сапар Исаков чечти деген сөздөрдү Казакстандын бийлиги жокко чыгарды

Чек ара маселесин Сапар Исаков чечти деген сөздөр чындыкка дал келбейт. Дегенибиз, казак бийлиги чек ара маселеси боюнча сүйлөшүү болгону жөнүндө расмий билдирүү кылган жок.

“Алматы, Астана шаарларында иштеген мигранттарга кысым бүгүн дагы уланып, базарларда текшерүү жүрүп жатат. Алматы шаарында 25 адам депортацияланып Кыргызстанга жөнөтүлгөн. 100гө жакын адам убактылуу кармоочу жайда камалган”, - деп билдирди Казакстандагы кыргыз мигранты.

Көпчүлүк кыргыздар Кыргызстанга кайтып кетишсе, Казакстандагы кыргыздар жашаган жеринде жашынып жатышкандыгын кошумчалады.

Төмөндө Казакстандан тараптын макаласын жарыя кылабыз: 

Назарбаев қырғыз премьерімен шекара мәселесі туралы Сочиде келіссөз жүргізбеген

Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковтың Сочиде өтіп жатқан Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақ-қырғыз шекарасы туралы келіссөз жүргізгенін жоққа шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.Назарбаев қырғыз премьерімен шекара мәселесі туралы Сочиде келіссөз жүргізбеген

СКРИНШОТ САПАРА ИСКАКОВТЫҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН

Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сапар Исаковтың 2017 жылдың 11 қазанында Facebook әлеуметтік желісінің жеке парақшасында қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы ағымдағы жағдай бойынша өзінің Қазақстан Республикасының президентімен келіссөздері туралы ақпаратына қатысты бірқатар БАҚ-тың сауалдарына байланысты Қазақстан Премьер-министрінің баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдейді.

Біріншіден, Сочиде (РФ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қазақстан президенті мен Қырғызстан Премьер-министрінің келіссөздері өткізілген жоқ.

Исаков мырзаның жеке Facebook парақшасында орналастырылған фотосуретте расталғандай, оның біздің елбасымызға жақындап келуі ғана орын алды.

Екіншіден, Қазақстан президентінің «шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ақиқатында, Үкіметке аталған мәселе бойынша үкіметаралық консультация өткізу туралы тапсырма берілді.

Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ-та хабарланғандай, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық ІІМ, мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау комитеттерімен бірлесе отырып, еліміздің мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақстандық-қырғыз аумағында да жоспарлы шекара операциясын жүргізуде.

Шекарадан өтетін жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеруді күшейту шаралары қолданыстағы заңнама шеңберінде қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын шектеусіз жүргізілуде.

Шекараны кесіп өту үшін ешқандай шектеу немесе тыйым салынып жатқан жоқ.

Жоспарлы шекара операциясының басты мақсаты – шекаралық кеңістіктегі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара тәртібі мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Шекара қызметі Қырғызстан Президенті сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде шекаралық бақылаудың күшейтілген тәртібіне көшті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі бұрмаланған ақпараттың таратылуына ресми түрде түсінбестік білдіреді және өзінің шынайы ақпарат беру мәселесінде кез келген БАҚ-пен ынтымақтастыққа ашықтығын растайды.

Булак: NazarNews.kg


Жаңылыкка болгон эмоцияңыз

Жаңылыкка болгон эмоцияңызды билдирүү үчүн өз атыңыз менен кириңиз!


Бөлүшүү


Ой-пикирлер (0)

Ой-пикир жазуу үчүн өз атыңыз менен кириңиз!

Азырынча бир дагы ой-пикир жазыла элек. Сиз биринчи болуп жазыңыз!
Биз Telegram'да

NazarNews.kg эми Telegram'да! Биздин жаңылыктарды эми Telegram каналыбыздан окуй аласыздар.

Бизди Telegram'дан @nazarnewskg деп издеңиздер жана каналга жазылыңыздар!

Telegram Channel: @nazarnewskg

NazarNews'та жарнама!

NazarNews порталына жарнама орнотуу үчүн бизге кайрылыңыз!

+996 777 289 549
+996 777 289 549
+996 777 289 549