www.NazarNews.kg NazarNews - дүйнө назарында! www.NazarNews.kg NazarNews - в центре мирового внимания! www.NazarNews.kg NazarNews - dünya gözünüzde! www.NazarNews.kg Биздин байланыш: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg Email: nazarnews.kg@gmail.com www.NazarNews.kg WhatsApp кабар: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg
Казакстандын ММКсы “Атамбаев менен Жээнбеков баардык тарабынан окшош”, деп жазды

Гүлжан Шерипбаева 12-октябрь 2017, 19:50

Саясат


Казакстандын ММКсы “Атамбаев менен Жээнбеков баардык тарабынан окшош”, деп жазды

Кыргызстан 15-октябрда жаңы президентин шайлайт. Ошондуктан Алатоонун ары жагындагы эл саясатка каттуу киришип турган чактары. Так талашкан 11 адамдын арасынан 47 жаштагы Өмүрбек Бабанов менен 58 жаштагы Сооронбай Жээнбеков менен таймаш күчтүү.

Алмазбек Атамбаевдин ишенимдүү кишиси Жээнбеков. Бул киши Атамбаевге окшош. Анын окшоштугун телетаймашта Өмүрбек Бабановго зекип сүйлөгөнүнөн байкоого болот, деп жазат казак ММКлары.

Төмөндө Казакстандын ММКлары жазган макаланы сунуштайбыз:

Айырқалпақты ағайын 15-ші қазанда жаңа президентін сайлайды. Сондықтан Алатаудың арғы бетіндегі саяси науқанның қызғаны соншалық, саясаткерлерден де, жұрттан да жаппай маза кеткен деп хабарлайды

Таққа таласқан 11 адамның арасынан ең негізгі тартыс оппозициялық партияның жетекшісі 47 жастағы Өмірбек Бабанов пен 58 жастағы Сооронбай Жээнбековтің арасында өтіп жатыр. Соңғысы Алмазбек Атамбаевтың сенімді серігі. Сондықтан қазіргі президент оны ашық қолдауға көшкен. Ал ел басқаруды армандайтын Жээнбековтың сөйлеу мәнері Атамбаевқа тым қатты ұқсайды. Өзінен он жас кіші Бабановқа зекіп сөйлеуі соны аңғартқандай.

"Мен 1995-ші жылдан бері саясаттамын. Сен 2005-те саясатқа келдің. Сені балапан кезіңнен білем. Коррупциямен тек мен күресе алам. Сосын сенен бастаймын бірінші. Осыны есіңде сақта. Сотпенен қайтарғызам миллиардттарыңды", - дейді Қырғызстан президенттігіне кандидат Сооронбай Жээнбеков.

Ал тақтағы алты жылы аяқталып, тағдырына қатты алаңдай бастаған Алмазбек Атамбаев Конституция бойынша қайта сайлана алмайды. Сондықтан сайлауға санаулы күндер қалғанда өз кандидатының ұпайын көтеріп, партиясына пиар жасаудың қамына кіріскен сияқты. Сөйтіп жеке амбициясына бола, Қазақстанға қарата сын айтып, қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсірді.Бірақ Бішкекте отырып батырсынған Алмазбек бәйке Астанаға келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың іші-бауырына кіріп басқаша сайрайтын.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, сізбен сөйлесу мен үшін өте шоң оқиға! Мен сізден көп нәрсе білгім үйренгім келеді", - дейді Қырғыз республикасының президенті Алмазбек Атамбаев.

 "Біріншіден біртуғандық, мәміле үшін рақмет. Сондай жылы тосып алып жатырсыз. Бұл жолғы жолығышу бір топ мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні Қазақстанды аймақтағы ең мықты өлке деп айтсақ болады", - деген еді Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан іргедегі көршісіне аузындағасын жырып, қолда барын аяған емес. Мәселен, қырғыздардың Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға 100 миллион доллар бөлсе, инвестиция ретінде салған қаржысы 800 миллион доллардан асады. Бұдан бөлек, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына екі мектеп те салып бергені есте.

"Нұрсұлтан Назарбаев екі мектепке қаржы бөлдіңіз. Бастапқыда біреу ғана салынады деп жоспарланып еді, енді екеуі де бой көтермек. Бірі оңтүстікте Ош қаласында, бірі Қырғызстанның солтүстігінде болады. Яғни, біздің өтінішіміз, күткеніміз еселеніп орындалып жатыр. Әрине, бұны естен шығармау керек, жақсылықты ешқашан да ұмытпау керек", - деген Қырғыз Республикасының президенті.

Алайда әркезде әртүрлі құйқылжытатын Атамбаев бұл жақсылықты қазір есіне де алмайды. Ресми Астана болса, қырғыз президентінің мәлімдемелерін арандатушылыққа теңеген болатын.

Осылайша, Қазақстан дипломатияға тән байсалдылығын көрсетті. Өйткені шектен тыс эмоция адам түгілі, мемлекетке де опа әкелмесі анық. Бір қызығы Алмазбек Атамбаев Сочиде өтіп жатқан ТДМ елдері басшыларынң саммиті мен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесіне бармай қалды.

Оның себебін қырғыз президенті жексенбіде өтетін сайлаумен түсіндірген. Десе де, саясатпен қош айтысқалы тұрған Атамбаевтың дәурені аяқталған соң, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қайта жаңа ақ парақтан басталуы тиіс.

Булак: NazarNews.kg


Жаңылыкка болгон эмоцияңыз

Жаңылыкка болгон эмоцияңызды билдирүү үчүн өз атыңыз менен кириңиз!


Бөлүшүү


Ой-пикирлер (0)

Ой-пикир жазуу үчүн өз атыңыз менен кириңиз!

Азырынча бир дагы ой-пикир жазыла элек. Сиз биринчи болуп жазыңыз!
Биз Telegram'да

NazarNews.kg эми Telegram'да! Биздин жаңылыктарды эми Telegram каналыбыздан окуй аласыздар.

Бизди Telegram'дан @nazarnewskg деп издеңиздер жана каналга жазылыңыздар!

Telegram Channel: @nazarnewskg

NazarNews'та жарнама!

NazarNews порталына жарнама орнотуу үчүн бизге кайрылыңыз!

+996 777 289 549
+996 777 289 549
+996 777 289 549