www.NazarNews.kg NazarNews - дүйнө назарында! www.NazarNews.kg NazarNews - в центре мирового внимания! www.NazarNews.kg NazarNews - dünya gözünüzde! www.NazarNews.kg Биздин байланыш: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg Email: nazarnews.kg@gmail.com www.NazarNews.kg WhatsApp кабар: +996 779 028 383 www.NazarNews.kg
Төрегали 5 күндүк концерти менен үйлөнүү тоюн уюштуруп берген продюсердин акчасын бербей качып жүрөбү?

Перизат Кутманалиева 09-январь 2018, 09:51

Маданият


Төрегали 5 күндүк концерти менен үйлөнүү тоюн уюштуруп берген продюсердин акчасын бербей качып жүрөбү?

Төрегали Төрэалинин 5 күндүк концерти менен үйлөнүү тоюн уюштурган продюсер Жан Муканов ырчы менен акча үчүн жаңжалдашып калганын ачык айтты.

Буга чейин бир нече жыл бою Торегали менен иштешкен күндөрүндө көргөн былыктарын коомчулукка жайып, ырчы мырза аткарылган жумуш үчүн акча төлөгүсү келбей жатканын бизге маалымдады. Редакцияга жөнөткөн продюсердин текстин эч өзгөртүүсүз беребиз.

“Ең басында арада болған жайтты сыртқа шығармаймыз деп келіскенбіз. Бірақ ел арасында жүрген соңғы сыбыстар оның өз сөзінде тұрмайтынын көрсетті. Мені, яғни өз “бауырын” батпаққа тастады. Мен үндемеген сайын, жұрт оныкі жөн деп ойлауда. Ал мен болған жайды жұмсақ тілмен түсіндіруге тырысамын. Мен Төреғалимен 2015 жылы “Жігіттер” тобының концертінде танысқам. Ешкім танымайтын шақта Төреғали қарапайым, мейірімді әрі сыпайы жігіт болатын. Төреғалидің Республика сарайында өткен алғашқы концертін ұйымдастыру міндеті мениң мойныма жүктеліп, концертті “Ұлы дала баласы” деп атайық дегенімізде әкесі қарсы болды. Ел дұрыс түсінбей қала ма деп қорықты. Мен дегенімде тұрып алдым. Есесіне сол кезден бастап бұл атау оның есімімен қатар жүретін болды.

Алғашқы концерт сәтті өтті, бірте-бірте Төреғали еліміздегі ең танымал жұлдыздар қатарына қосылды.“Бұл әртісті мақтан тұта бастадым. Екі жыл ішінде ол қатардағы әртістен ең танымал әншілер тізіміне қосылды. Тиісінше гонорары өсті. Алғашқыда 200-500 доллар алатын Төреғали бір жылдан кейін 8 мың доллардан таба бастады. Нағыз жұлдызға айналды. Оған Instagram-дағы 2 миллион оқырман дәлел бола алады. Ақша үшін болған жанжал қазан айында 5 күн қатарынан өткізілген концерт кезінде болды.

Концерттеги 15 мың билеттің небәрі 4 мыңы сатылған соң қиындыққа тап болдым. Акшасы болмады, мен де барымды салғанмын. Сондықтан қарыз алуыма тура келді. Алдағы уақытта кеткен ақшаны қайтару үшін 10-15 тапсырысты алуын сұрадым. Қазір маңыздысы концерт қой дедім. Бірақ ол: “Жоқ. Ол сенің проблемаң, Жан. Мен концерттен кейін оны өтемеймін. Билет сатылмаса, демек нашар жұмыс істегенсің, дұрыс жарнама жасамағансың. Менің оған қатысым жоқ”, – деп жауап берді. Бұған дейін ол менімен бұлай сөйлеспейтін. Бұл қалай болғаны деп түсінбедім. Сосын билетке кеткен ақшаны қайтаруын талап еттім. Төреғалидің әкесі 1500 билетті өзіне алған. Ақша мүлдем жетпеді. Алып-сатарлардан естігенім, сауда жүрмей жатқандықтан, әкесі билеттерді жарты бағаға сата бастапты. Бірақ бұл шақта біреуге сенуге де болмайтын еді. Десе де ақша жоқ және оны таба алмайтынын айтты. Өз мойнымда қалғанын түсіндім.

Бұл оқиға концерттердің ортасында болды, сондықтан артқа шегіне алмадым. “Тойға келсек, алғашқыда мен тек декор, жарық, дыбыс, шақыру қағазы, жас жұбайлардың киімі, неке жүзігі мен Дубай сапарына (Дубайға бірге барып, “Толқыным” әніне бейнебаян түсіру керек едік) жауап беретін болып келістік. Ақырында мен онымен ешқайда ұшпаймын деп шештім. Ал турагенттік онымен тікелей жұмыс істеуден бас тартты.

Сондықтан ол сапарға шықпадық. Бірақ келісілген өзге нәрселердің бәрі орындалды. Мен ақымақпын, оның неке жүзігі мен смокингіне дейін, тіпті барлық концерттік костюмдеріне дейін сатып алдым. Қазір ес жиып, өткен оқиғаға көз салсам: “Бұған қалай жол бердім?” деп ойлаймын. Соқыр боп қалғандаймын. Той жасау өзімнің идеям әрі PR-қадамым болғанын мойындайм.

“Бірақ той күні жарық пен дыбысқа төлейтін ақшам болмады. Сондықтан әкесінен көмек сұрадым, анығында билет ақшасын қайтаруын талап еттім. Алайда ол мені балағаттап тастады. Мұндайды тіпті өз әкемнен көрмеген мен тұтқаны қоя салдым. Төреғали келген соң жағдайды соған түсіндірдім. Оның жауабы:

“Жан, бұл менің проблемам емес, өзім той үшін алаңдап тұрмын, қазір уақытым жоқ”, – деді. Не үшін алаңдаулы екенін түсіндірмеді. Концерттері өтіп кетті, сондықтан оған бәрібір болды. Ақырында сол жарық, дыбыс пен лэдке тапсырыс бердім, әйтпесе той болмас еді. Бірақ артынша, яғни той басталмас бұрын кетіп қалдым. Әрине, тойдағы қадірлі қонақтардың бірі мен боламын деп ойладым. Бірақ моралдық тұрғыдан ауыр тиді, сондықтан ол тойдың куәсі бола алмадым.

Міне осылай. Әрине, қазір есімді жиып, әрі қарай жұмыс істеу керек екенін түсініп отырмын. Бірақ бұдан былай бұл адамдармен қанша ақша берсе де жұмыс істемеймін деп шештім. Тіпті, ренішім де жоқ. Оны құртып жатқан допинг, оны доғармайынша ештеңе өзгермейді. Әлі де болса есін жиып, жасалған жұмысты қалыпқа келтіреді деп үміттенемін. Ол үшін қанша күш, нерв, ақша мен ұйқысыз түндер жұмсалды. Тәубеңе кел, Төреғали! Әлі қызықтың бәрі алда. Жасың небәрі 25-те”, – деп эскертүү сөзү менен кебин жыйынтыктады продюсер.

Аруужан Булекбаева

Булак: NazarNews.kg

 


Бөлүшүү

Жаңылыкка болгон эмоцияңыз

Жаңылыкка болгон эмоцияңызды билдирүү үчүн өз атыңыз менен кириңиз!



Ой-пикирлер (0)

Ой-пикир жазуу үчүн өз атыңыз менен кириңиз!

Азырынча бир дагы ой-пикир жазыла элек. Сиз биринчи болуп жазыңыз!
Биз Telegram'да

NazarNews.kg эми Telegram'да! Биздин жаңылыктарды эми Telegram каналыбыздан окуй аласыздар.

Бизди Telegram'дан @nazarnewskg деп издеңиздер жана каналга жазылыңыздар!

Telegram Channel: @nazarnewskg

NazarNews'та жарнама!

NazarNews порталына жарнама орнотуу үчүн бизге кайрылыңыз!

+996 779 02 83 83
+996 779 02 83 83